+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Алматыда кітап фестивалі өтеді

2021 жылғы 23 қыркүйек 17:55
Бөлісіңіз:
Алматыда кітап фестивалі өтеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда қала күніне орай «KITAP FEST 2021» кітап фестивалі өтеді. Оған ұйымдастырушылардың айтуынша шамамен 500 адам қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

KitapFest- бұл 2014 жылдан бастап жыл сайын өткізілетін кітап фестивалі. 7 жыл ішінде республикалық зияткерлік платформаға айналды.

Шара 25 қыркүйек күні «Форум» сауда орталығында өтеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл фестиваль пандемияға байланысты шектеулі форматта өтеді. Келушілер саны 500-ден аспайды.

Кіру шарттары: ASHYQ қосымшасында «жасыл» статус болуы керек. Міндетті түрде маска режимі сақталады.

Фестиваль аясында дәрістер, жазушылармен кездесу, кітаптардың тұсаукесерлері мен байқаулар өтеді.

«KITAP FEST 2021» аясында:

- Спикерлердің баяндамаларын онлайн-трансляциялау;

- кітап алмасу, соның арқасында сөрені түрлі жанрдағы қызықты кітаптармен толықтырудың бірегей мүмкіндігі пайда болады;

- жазу шатыры. Отандық жазушылар өз кітаптарын ұсынып, сөз сөйлейді;

- кітап жәрмеңкесі. Кітап дүкендері, баспалар және интернет-дүкендер көрмеде өз өнімдерін ұсынады, қаласаңыз өзіңізге ұнайтын әдебиеттерді дәл сол жерде сатып ала аласыз;

- Балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы. Әр түрлі белсенді шаралар қарастырылған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT