Алматыда қисайған көпқабатты үйлерді зерттеу жұмыстары қашан аяқталады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда «Зерделі-6» шағын ауданында қисайып кеткен көпқабатты 6 тұрғын үйдің зерттеу жұмыстары 2020 жылдың қараша айында аяқталады. Бұл туралы қала әкімдігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматының Жайлы қалалық орта басқармасының мәліметінше, № 1/179 үйдің вертикал жағын қалпына келтіруге және нығайтуға 196 млн теңге бөлінген. Сонымен қатар, тұрғындарды уақытша орналастыру үшін төтенше жағдай аясында жергілікті бюджет резервінен 32 млн теңге қарастырылған.

Бұдан бөлек, тағы 312 миллион теңге тоғыз қабатты барлық 32 тұрғын үйге тексеру жүргізуге бағытталды. Ол үшін «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-мен шарт жасалды.

«Зерттеу нәтижелері бойынша бұл үйлердің қисаюы анықталған жоқ. Берілген қорытындылар мен ұсынымдарға сәйкес құрылыстардың шөгуіне жол бермеу мақсатында іргетастардың негізін нығайту бойынша жұмыстар жүргізу қажет. Тұрғын үйлердің іргетасын нығайту жұмыстары кезінде тұрғындар көшірілмейді, себебі оларға қауіп жоқ. Нығайту жұмыстары кезең-кезеңмен жүргізіледі. Биыл 6 үйді нығайту бойынша іс-шаралар жоспарланған. № 1/160, 1/161 көпқабатты үйді нығайтуға 271 млн теңге бөлінді.

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ жасалған келісімшартқа сәйкес барлық тұрғын үйлерге зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Жұмыстың аяқталу мерзімі - 2020 жылдың қарашасы. Осыдан кейін нақты сома белгілі болады», - деді Алматы әкімдігінен.

Еске салайық, былтыр 11 желтоқсанда Алатау ауданындағы «Зерделі» шағын ауданының тұрғындары үйлерінің қисайғанын айтып, дабыл қаққан болатын.

Кейін Бақытжан Сағынтаев қисайған үйдің тұрғындарымен кездесіп, әкімдік оларды көшіруге дайын екенін жеткізді.


Соңғы жаңалықтар