+7 (701) 759 90 19
USD 410.70 EUR 465.28
RUB 5.80 CNY 58.81
Jańalyqtar

Алматыда кинотеатрлар қашан ашылады

2020 жылғы 1 маусым 18:48
Бөлісіңіз:
Алматыда кинотеатрлар қашан ашылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда кинотеатрлар, сауда орындарындағы балалар ойнайтын алаңдар мен фуд-корттар әлі ашылмайды. Бұл туралы Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қалада концерттер мен спорт жарыстарын өткізуге әлі ерте. Қазір балабақшаны ашу жөнінде ұсыныстар түсіп жатыр, оларды кезең-кезеңімен ашамыз, әзірге кезекші топтар жұмыс істеп тұр. Ірі ойын-сауық орталықтарында орналасқан кинотеатрлар, фитнес орталықтары, балалар ойнайтын алаңдар мен фуд-корттың жұмыс істеуіне тыйым салынады. Рұқсат бермедік. Адамдарды бір жерге жинап, шоғырландыруға болмайды»,-дейді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар, ол қаладағы блокпостарды алмас бұрын қала және аудандық әкімдіктің атсалысуымен дайындық жүргізгенін айтты. Мониторинг тобына кәсіпкерлер палатасы, әкімдік, полиция қызметкерлері мен санитарлар кірген.

«Мекемелердің жұмысына рұқсат бермес бұрын оларға түсіндіру жұмысын жүргізіп, кеңес бердік. Тек содан кейін ғана қаладағы тамақтану орындары мен сән салондары ашылды. Ал бүгіннен бастап азық-түлік сатпайтын базарлар іске қосылды. Олардың бәріне алдын ала талаптар қойып, нұсқама әзірлеп бердік»,– дейді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT