+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Алматыда кинотеатрға кірмек болған науқастар «Ashyq» жобасы арқылы анықталды

2021 жылғы 17 сәуір 22:26
Бөлісіңіз:
Алматыда кинотеатрға кірмек болған науқастар «Ashyq» жобасы арқылы анықталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгін Алматыдағы бес кинотеатр «Ashyg» жобасы бойынша жүмысын бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ДСМ: АҚШ-тағы Денсаулық көрсеткіштері институтының мәліметі Қазақстандағы нақты дерекке сай келмейді Өткен тәулікте елге келген 4710 ұшақ жолаушысының бәрінде ПТР анықтамасы болды Коронавирустан емделіп жатқан 798 адамның жағдайы ауыр

Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабыловтың айтуынша, кинотеатр қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында бәрі штаттық режимде еш қиындықсыз өтті.

Кинотеарға келгендер QR-кодты сканерлеп, «көк» және «жасыл» мәртебесі анықталған бойда «билет кассалары» аймағына, одан кейін залға кірді.

«Алайда кинотеатрлардың бірінде үш алматылықты «билет кассалары» аймағына өткізбеді. Өйткені, QR кодын сканерлеу кезінде «қызыл» статус анықталды. Яғни, олар коронавируспен ауырғандар және үй карантинінде болуы керек еді»,- деп түсіндірді Сәдуақас Байғабылов.

Өздерінің «қызыл» мәртебелерін көргеннен кейін, олар кинотеатрдан шығып кетті.

Олардың екеуі - ерлі-зайыптылар.

Айта кетейік, 9-15 сәуір аралығында 235 алматылық «Ashyq» өтуге тырысып, мекемеге кірмек болған.

Оның ішінде 211 алматылықта «қызыл», 24-де «сары» белгі болған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT