Алматыда ҚИК желісі бойынша 2 үйдің құрылысы мамырда аяқталады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының операторы Қазақстан ипотекалық компаниясы желісі бойынша 2 үйдің құрылысы мамырда аяқталады.

Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихаты барысында қалалық Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының баспананы сату бөлімінің жетекшісі Рабиға Сұңқарбаева айтты.

«Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ бойынша Алғабас ауылында салынып жатқан екі 9 қабатты тұрғын үйдің құрылысы биыл мамыр айында аяқталмақ. Берілетін пәтерлер саны - 108. Ал, жас отбасы бағыты бойынша берілетін пәтерлер саны - 387», - деп атап өтті ол.

Соңғы жаңалықтар