Алматыда кезекті тойдан 100 адам шығарылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда мониторинг тобы жүз адам жиналған тойды тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қаласы Алмалы ауданының мониторинг тобы өкілдері 3 сәуірде «Premier hall» банкет залында той өткізіліп жатқанын анықтаған.

Іс-шараға қатысушылар мен ұйымдастырушылар әкімшілік жазаға тартылып, айыппұл салынады.

«Алматылықтарды тойға, банкет пен үйлену тойына бармауға шақырамыз, өйткені онда коронавирус инфекциясын симптомсыз тасымалдаушылар болуы мүмкін.

Қалада көпшілік жиналатын барлық іс-шараға тыйым салынғанын естеріңізге саламыз», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар