Алматыда кезекші сыныптар жабыла ма

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда мектептердегі кезекші сыныптар жабылмайды. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Жандарбек Бекшин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Егер бір мұғалім ауырып қалса, сыныпта отырған 30-40 оқушы да ауырады. Егер одан әрі көбейетін болсақ, мұғалім оқушылардан басқа мұғалімдермен де байланысады. Бұл мектеп бойынша инфекцияның қарқынды таралуына ықпал етеді. Балабақшада да солай. Сондықтан кезекші сыныптар барлық талаптарға сәйкес болуы керек. Санитарлық–эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып мектептердегі кезекші сыныптар мен балабақшалардағы кезекші топтардың жұмысы жалғасады», - деді Жандарбек Бекшин.

Қаланың бас санитарлық дәрігерінің айтуынша, бұл балалар арасында аурудың күрт өсуіне жол бермейді.

Бұған дейін Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулыға қол қойғаны туралы жазған болатынбыз.

Қаулыға сәкес, Алматыда Жаңа жылда Аяз ата мен Ақшақарды үйге шақыруға тыйым салынды.


Соңғы жаңалықтар