Алматыда «кезекші» халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматылықтар халыққа қызмет көрсету орталықтарынан қызмет алуға үлгермей қалатындарын айтып шағымдануда. Осыған орай, қызмет алушылардың талап-тілектерін ескере отырып, Алматыда «кезекші ХҚО» ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сағат 09:00-ден 18:00-ге дейінгі аралықта қызмет алып үлгермеген азаматтар, Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 221 мекенжайында орналасқан Алмалы аудандық ХҚО-ға жүгіне алады. Құжаттандырудан басқа барлық қызметтер сағат 20.00-ге дейін көрсетіледі. Ал, автокөлік иелері үшін Түрксіб ауданы, Құлжа тасжолы, 9 км. «Керуен» тойханасы ғимаратында орналасқан Халыққа қызмет көрсету бойынша мамандандырылған №5 бөлімі 2 сағатқа ұзағырақ жұмыс істейді», - деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалында.

Сондай-ақ, филиалда мемлекеттік қызметтердің 90 пайызын электронды түрде алуға болатынын еске салды.

Айта кетейік, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының фронт-офистері: дүйсенбі – жұма күндері сағат 09:00-18:00 аралығында жұмыс істейді.


Соңғы жаңалықтар