Алматыда кейуаналарды алдап, тонап кеткен алаяқ ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы мегаполисте кейуаналарды тонап жүрген алаяқты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы полициясының дерегіне сәйкес, ұсталған күдікті бұрында алаяқтық жасағаны үшін сотталған. 1965 жылы туған Б-ны бақылау камералары арқылы анықтады. Күдікті құрбандарын өзінің сыбайластарымен бірге таңдаған. Көбіне банктер мен банкоматтардан шыққан қарт әжейлерді алдап, ақшаларын қолды еткен.

«Олар 90-жылдардағы ескі алаяқтық тәсілді қолданған. Олар жерден әмиян тауып алады, оның куәгері және жәбірленушісі өтіп бара жатқан адам болады. Бұл келесі схема бойынша жасалады: олардың біреуі жерде жатқан әмиянды тауып алып, өтіп бара жатқан куәгерден сұрайды. «Әмиян сіздікі емес пе? Кімнен түсіп қалғанын байқамадыңыз ба?» деген сияқты сұрақтар қояды. Әрине, ол кезде жәбірленуші бұл алаяқтардың жоспарлы ісі екенін білмейді. Алаяқ куәгерге әмиянды бірге ашып көруді ұсынады. Сол кезде әмиянның иесі келіп, ішіндегі ақшасының жоқтығын айтып, қайтаруды талап етеді. Тауып алған алаяқ жаланы бірден куәгерге жабады. Сөйтіп, жәбірленушіге қалтасындағы барлық ақшаны шығаруды талап етеді, осылайша алаяқтар апалардың ақшасын оңай жолмен алып отырған», - дейді Алмалы аудандық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Абзал Тұрғанәлі.

Қылмыскерлер мұндай «көріністі» сенгіш адамдарға қолданған. Сондықтан олар тек әжелерді таңдаған.

«Екінші күдіктіге келер болсақ, оның жеке басы анықталды. Жақын күндері ұсталады. Ол да, сыбайласы сияқты ҚРҚК 190-бабымен алаяқтық үшін жауапқа тартылатын болады. Қазіргі уақытта ұсталған 54 жастағы Б. Алматы қалалық ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның мегаполис аумағында осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексерілуде», - деді Абзал Тұрғанәлі.






Соңғы жаңалықтар