Алматыда кейбір учаскелер мемлекет қажеттілігіне алынады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Наурызбай ауданында орналасқан Әшімов көшесіндегі жер учаскелері мемлекет мұқтажы үшін тәркіленеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әшімов көшесін кеңейту мәселесіне келетін болсақ, Бас жоспарға сәйкес, Әшімов көшесінде метро желісі салынуы керек. Метро Абай және Әшімов көшесінің бойымен Райымбек даңғылына дейін барады. Осы жобаны іске асыру шеңберінде белгілі бір учаскелер мемлекет мұқтажы үшін тәркіленеді. Заңға сәйкес меншік иелеріне бір жыл бұрын тиісті хабарламалар жіберіледі. Содан кейін, жер учаскелерін мемлекет қажеттілігіне алу тәртібі жүзеге асырылады», - деді Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Бағлан Дәндібаев брифингте.

Байзақ батыр көшесінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, ол көшедегі жер учаскелерін тәркілеу қарастырылмаған.


Соңғы жаңалықтар