Алматыда кейбір нысандарды су басты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда қалалық Балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының аумағын су басты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ағаштар мен бұтақтар электр сымын үзіп кетіп, қос қабатты тұрғын үйге құлаған.

Қалалық құтқару қызметінің мәліметіне сәйкес, бұл күн жылып, көктем келуіне байланысты болып отыр.

10 наурыз күні кешке құтқарушылар Наурызбай ауданында орналасқан Тастыбұлақ өзенінің арнасын тұрмыстық қалдықтан, көлік дөңгелектерінен және басқа да қоқыстан тазалады. Райымбек даңғылының бойындағы көпірдің астынан қоқыс шығарылды.

Қазіргі таңда жолдарды су басу қаупі жоқ.

Бүгінде төтенше жағдайдың алдын алу үшін 12 техника, 12 мотопомпа және Алматы қаласы Құтқару қызметінің 29 жұмысшысы жұмылдырылған.

«Сондай-ақ, жауын-шашын мен қар жамылғысының тұрақсыз күйіне байланысты Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндеріндегі тау беткейлерінде 11 наурызда қар көшкіні қаупі бар. Осыған байланысты Құтқару қызметі қала тұрғындарын қалың қарлы беткейлерге барудан сақ болуға шақырады», - деді құтқару қызметінен.


Соңғы жаңалықтар