Алматыда керіктің өліміне зообақ қызметкері себеп болған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы хайуанаттар бағында өлген Мелман атты керікке қатысты ішкі қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр, деп хабарлады «ҚазАқпарат» тілшісі.

Зообақ баспасөз хатшысы Тоқтар Әлиевтің айтуынша, керік өлімінен кейін басшылық тарапынан комиссия құрылып, ішкі қызметтік тексеріс басталған. Комиссия құрамына құқық қорғау органы қызметкерлері мен хайуанаттар бағының тәжірибелі мамандары кірді.

«Кәсіби шеберлік пен тәжірибелі мамандардың арқасында күдіктілер анықталды. Керіктің өліміне зообақ қызметкерлерінің бірі күдікті болып отыр. Хайуанаттар бағының әкімшілігі қала тұрғындарына ешқандай қаңқу сөзге сенбей, ресми ақпаратқа сүйенуге шақырды. Аталған мәселе бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді ол.

Ескерте кетейік, 5 қазан күні Алматы хайуанаттар бағында екі жасар керіктің өлгені хабарланған. Зообақ қызметкерлері оның денсаулығы жақсы болғанын, өлу себебін анықтап, қажет болған жағдайда қылмыстық іс қозғалатынын мәлімдеген.

Соңғы жаңалықтар