Алматыда кепілдегі пәтерлерді алып берем деп елді алдаған алаяқ ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда арзан бағаға үй алып берем деп елді алдаған 34 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол адамдардың сеніміне кіріп, 10 млн теңгесін қолды еткен.

«34 жастағы әйел екінші деңгейлі банктерден кепілдегі пәтерлерді алуға болатынын айтып, елді алдап келген. Қысқа мерзімде баспананы нарықтық бағасынан 70 пайызға арзан алуға болады деп сендірген. Сөзіне иланған адамдар құжат жинап, әйелдің шотына 2 мың АҚШ долларын салуға тиіс болған. Белгілі болғандай, әйел банк саласында жұмыс жасамаған. Осы уақыт аралығында полицияға алаяқтық дерегіне байланысты 5 адам арызданып үлгерген. Алайда жапа шеккен адамдардың саны одан да артық болуы мүмкін. Осыған байланысты 254-47-00; 254-47-01; 254-47-59; 254-47-02 немесе 102 телефондарына хабарласуларын сұраймыз», - деді Бостандық аудандық ІІБ басшысы Даурен Өтебаев.

Осылайша әйел ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлімімен көрсетілген қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды.

Әйел өз кінәсін мойындап отыр.

Соңғы жаңалықтар