Алматыда кеңсе ғимаратының жанынан жарық шуылды граната табылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Төле би даңғылы мен Мұратбаев көшесінің қиылысында орналасқан кеңсе ғимаратының жанынан жарық шуылды граната табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияның мәліметіне сәйкес, жоғарыда аталған аумақты аралап жүрген күзетші кеңсе ғимаратының жанынан оқ-дәрі тапқан. Оқиға орнына қаланың шұғыл қызметтері келіп, іргелес аймақты қоршауға алды.

Кейіннен саперлер хабарлағандай, граната тұтандырғышсыз және адамдарға қауіп төндірмейтіні белгілі болды.

«Алмалы аудандық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы төтенше жағдайдың мән-жайын анықтайды. Айта кетейік, жарық шуылды оқ-дәрілер - бұл адамға жарық шуылды және жарықшақты әсер ететін, өлімге әкелмейтін арнайы құралдар болып табылады», - деп хабарлады полициядан.

Айта кетейік, бұған дейін алматылық көлік полицейлері қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған оқ-дәрілерді тапқан еді.


Соңғы жаңалықтар