+7 (701) 759 90 19
USD 379.75 EUR 415.18
RUB 5.78 CNY 54.19
Jańalyqtar

Алматыда Кеңсай зиратының аумағы кішірейтілді

2020 жылғы 13 ақпан 13:30
Бөлісіңіз:
Алматыда Кеңсай зиратының аумағы кішірейтілді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Кеңсай зиратының аумағы қысқартылды. Бұл туралы бүгін өткен бифинг барысында Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды облысында 1,5 мың жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды Қостанай облысында 320 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды СҚО-да 670 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды

«Кеңсай-3 аумағына қатысты сұрақ көп. Ол жерде 90 гектар жер бар болатын. Олардың 35 гектары адам жерлеуге берілсе, қалғаны санитарлық аймақ болып саналады. Тұрғындардың пікірін ескере отырып, адам жерлеу территориясын 15 гектарға қысқартып, қалған 70 гектар артық жерді санитарлық аймаққа айналдырдық. Былтыр ол жерге 3800 қарағаш отырғыздық. Тұрғындардың сұранысымен қоршауды алдық. Себебі, қоршау тұрса, адам жерлеуге бөлінген орын іспетті болады екен», - деді әкім есепті кездесуінде.

Аудан әкімі осы мәселені шешу үшін Кеңсай 1-2 саяжайы тұрғындарымен кездескен.

«Тұрғындардың кейбіреуі шұғыл қоршау қойыңдар дейді. Кейбірі қажет емес дейді. Сол үшін саяжай тұрғындарына тұрғындардың жиналысын өткізуді тапсырдым. Егер осы мәселе шешімін тапса, біз қоршауларды Кеңсай 1-2 аймағына ауыстырамыз. Біз ритуалды қызмет көрсету комбинатымен бірігіп осы мәселені шешіп жатырмыз», - деді аудан әкімі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Әкім, Жер мәселесі,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT