Алматыда Кеңсай зираты маңындағы өрттің таралуы тоқтатылды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Кеңсай зираты аумағында тұтанған табиғи өртті сөндіруге 100-ден астам адам жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің біріккен жасағы Кеңсай зираты маңында шыққан өртті жоюда. Қызыл жалынды ауыздықтауға жүзден астам өрт сөндіруші жұмылдырылды.

«Өртті сөндіруге тау беткейі биіктігінің әртүрлі болуы, желдің екпіні мен биік шөптер күрделендірді. Қызыл жалынды ауыздықтау үшін «Ермак» өрт сөндіргіш құралдары қолданылды. Тау баурайындағы от қабылданған шаралардың арқасында кешкі сағат 17:01-де оқшауландырылды, өрттің жеке тұрғын үй секторына таралу қаупі жойылды. Айта кетейік, Кеңсай-2 зиратының аумағында құрғақ шөп жанды. Қорымдарға зақым келген жоқ», - деп атап өтті Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Алматы қалалық ТЖД азаматтарды дала және орман алқабында болған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды. Сондай-ақ от жаққандар мен өрттің шығуына себепкер болғандар әкімшілік жауапкершілікке, ал үлкен шығын келтірілген жағдайда Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын еске салды.

Бұған дейін Алматының Медеу ауданындағы тау бөктерінде қураған шөп өртеніп жатқанын жазған болатынбыз.






Видеодан алын ғ ан кадр


Соңғы жаңалықтар