Алматыда Кенен Әзірбаевқа ескерткіш ашылды

None
None
АСТАНА. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында халық ақыны, әнші Кенен Әзірбаевқа салтанатты түрде ескерткіш ашылды. Аталған шараға Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, ҚР-ның қоғам қайраткерлері, ақынның туыстары мен жақындары қатысты, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметінен.

«Кенен Әзірбаев - біздің еліміздің мақтанышы. Оның артында қалған мұрасы шексіз. Кенен Әзірбаев қазақ халқының өмірін, әр адамның басындағы арман мен мұңды жырлады», - деді Ахметжан Есімов.

Қалалықтар алдында сөйлеген сөзінде әкім мәдени мұраны сақтаудың зор маңызы бар екендігін айтты. Ол үшін мемлекетті құруға қатысқандарды еске түсірген жөн. Қала басшысы жас ұрпақты ата-баба рухымен тәрбиелеу қажеттігіне тоқталды.

Кенен Әзірбаев - Жамбылдың шәкірті және оның ізін жалғастырушы. 150-ден астам өлең жазып, музыка шығарған. Ол - Біржан сал мен Ақан сері мұраларын да дамытушы.

Қала басшысы бүгін Алматыдағы Назарбаевтың зияткерлік мектебінің құрылысында да болды. Әкімге құрылыстың барысы жөнінде баяндалды. Келісім бойынша 2014 жылдың көктемінде мектеп салынып бітуі тиіс.

Соңғы жаңалықтар