Алматыда кенеге қарсы күрес басталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Әуезов және Алатау ауданындағы саябақтарда кенеге қарсы зарарсыздандыру шарасы басталды. Бұл туралы қалалық СЭС хабарлады.

Бұл жұмыстар қаланың барлық саябақтары мен Медеу орманды алқабы, Бутаковка мен Алмаарасан шатқалы, Көктөбе, Шымбұлақ аймағында жүргізілетін болды. «Зарарсыздандырылатын аймақтың жалпы көлемі 2000 га құрап отыр. Кенелердің жаппай таралуына жол бермеу үшін зарарсыздандыру шарасы екі кезеңмен жүзеге асырылады. Біріншісі мамыр-маусымда болса, екіншісі маусым-шілде айларында өтеді. Шараны мемлекеттік сатып алу байқауында жеңіске жеткен компания өткізеді», - деді СЭС мамандары. Олардың айтуынша, Алматы қаласы бұл тұрғыда өте қауіпті аймаққа жатады. Өткен жылы қалада кене энцефалитін жұқтырған 8 адам тіркелген. Ал биылдың өзінде 400 адам, оның ішінде 168 бала кене шаққанын айтып, дәрігерлік көмекке жүгінген.

Соңғы жаңалықтар