Алматыда кене шаққан адамдардың саны 141-ге жетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда биылғы көктем маусымында кененің шабуылынан 141 адам, оның ішінде 66 бала жапа шеккен.

Қазір олардың бәріне медициналық көмек көрсетіліп, иммуноглобулин екпесі жасалды. Бұл жөнінде қалалық тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Мамандардың айтуынша, биыл кененің шағуынан зардап шеккен жандардың саны өткен жылмен салыстырғанда азайған. Өткен жылы осы уақытта 369 адам, оның ішінде 159 бала дәрігерлерге жүгінген екен. «Қазір кене шабуылының үдей түскен шағы. Адам денесіне жабысқан кенені байқаған уақытта бірден жергілікті күкіртті алдын алу пункттеріне көрінуі керек. Ол жерде иммуноглобулин деген кене энцефалитінен қорғайтын екпе салынады. Көмек тәулік бойы тегін көрсетіледі. Жапа шеккен азаматтар өзінің аталған дертті жұқтырғанын қалалық паразитологиялық зертханаларға жүгіну арқылы анықтай алады», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар