Алматыда келесі жылы 14 жаяу жүргінші өткелі салынады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 2015 жылы 14 жаяу жүргінші өткелі салынады. Бұл туралы қалалық автомобиль жолдары басқармасының басшысы Владимир Меренков бүгін Алматыда көлік инфрақұрылымын дамытуға байланысты өткен жиын барысында айтты.

Оның айтуынша, қазір қалада 23 жаяу жүргінші өткелінің құрылысы жалғасуда.

«Келесі жылдың ортасына дейін 31 жаяу жүргінші өткелі пайдалануға беріледі. Олардың ішінде 4-уі жол айрықтарының ішінде, 4-уі метрополитен стансаларында салынады. 14 жаяу жүргінші жолдарын келер жылға жобалап жатырмыз. 14 жаяу жүргіншілер өткелдерінің құрылысына, көлік жолайрығы құрылысына, көшелерді ұзартуға, қайта құруға және күрделі жөндеуге жобалау-сметалық жұмыстар әзірленуде», - деді В.Меренков.

Қазіргі таңда қала басшысы Ахметжан Есімовтың арнайы бағдарламасымен оңтүстік астанада 68 жаяу жүргінші өткелі халық игілігіне қызмет етіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар