USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Алматыда келесі жылы 14 балабақша бизнес қаржысына салынады - Б.Байбек (ФОТО)

2015 жылғы 3 желтоқсан 13:49
Бөлісіңіз:
Алматыда келесі жылы 14 балабақша бизнес қаржысына салынады - Б.Байбек  (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда қала әкімі Бауыржан Байбектің төрағалығымен қалалық активтің отырысы өтті. Жиын барысында «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформа, даму» жаңа жолдауы талқыланды.

Қала әкімі бюджеттің оңтайландырылуына байланысты қалада жүзеге асырыатын жобаларды тілге тиек етті. Әкімнің айтуныша, келер жылы әлеуметік нысандар мектеп, аурухана, балабақшаның құрылысына мемлекеттік инвестиция көлемі 70 млрд теңгеге азаяды.

«Алайда, біз 75 млрд теңге жеке инвестициялар тартуды көздеп отырмыз. 25 млрд теңге сомасына бизнеспен келісімге отырдық. Бұл мемелкеттің ақшасы емес, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі», - деді әкім.

Қала басшысының айтуынша, келер жылы қалада 14 балабақша бой көтереді. Олардың көпшілігі Наурызбай, Алатау аудандарында салынады. Сондай-ақ, 3 мектеп, спорт алаңы, емхана тұрғызылмақ.

Бауыржан Байбек жақында Мемлекет басшысы көрген № 125 балабақшаны да атап өтті. Аталған әлеуметтік нысан бар жоғы 3 айда салынып біткен.

«Осынша қысқа уақыт ішінде барлық нормаларға сәйкес ғимарат салынады дегенге сенбеп едім. Біздің міндет - оларға жұмыс тауып беру», - деді Б.Байбек.

null null null null null null null null null null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT