Алматыда келер жылы тағы 600 автобус сатып алынады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда тағы бір автобус бағыты жаңарды. Бүгін қала әкімі Бауыржан Байбек жеке тасымалдаушы сатып алған жаңа автобустарды көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа автобустар №141 бағытқа қызмет етуге шығатын болады.

Аталған бағыт бойынша енді жолға 12 метрлік төмен еденді автобустар шығады. Олардың барлығы ауа баптағыштармен жабдықталған және Евро-5 экологиялық стандартына сай.
null 

Жаңа автобустар Айнабұлақ ықшам ауданы мен «Мост» аялдамасының арасында жолаушылар тасымалдайтын болады. Бағыттың барлық жүргізушілері бірыңғай жаңа форма киген.

Жалпы, биыл қала бойынша 479 жаңа автобустар алынды, келер жылы тағы 600 автобус алу жоспарланған. Олардың басым бөлігі бюджеттен тыс қаржы есебінен сатып алынуда.
null 

Еске салсақ, мұның алдында BRT желісі аялдамаларында пайда болған алғашқы электронды таблолардан бағыт нөмірі және қоғамдық көліктің аялдамаға қай уақытта жететіні туралы актуалды хабарламаны оқуға болатындығын хабарлаған едік.

Бұл жоба да бюджеттен тыс қаржы есебінен іске асуда.
null 

Соңғы жаңалықтар