Алматыда Қазпоштаның ең ірі бөлімшесі ашылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Қазпоштаның ең ірі бөлімшесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазпошта» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңа пошта бөлімшесі «Grand Park» сауда-ойын-сауық орталығында (№5 блок) ашылды. Жаңа бөлімшеде сәлемдеме мен хаттарды алып-жіберуге, төлемдер мен айыппұлдарды төлеуге, ақша аударуға (Western Union, Юнистрим, Сәлем теңге), кредит алып депозиттер ашуға, валюта айырбастауға болады. Сәлемдемелер супермаркетінде №№ 31, 36, 62, 63 пошта бөлімшелерінің клиенттері өз сәлемдемелерін ала алады.
«Жаңа бөлімшені Әуезов ауданында ашқан себебіміз - мұнда 232 мыңнан астам адам тұрады, оған қоса, Grand Park-та 210 мекеме жұмыс істейді. Осындай кең, жарқын және заманауи бөлімшеде біздің клиенттер енді пошта қызметтерін кезексіз ала алады», - деді Алматыпоштамт директоры Ержан Тасмұхан.
Жаңа бөлімше аптасына жеті күн бойы сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейді.
- Ақмола облысында Түркия азаматы көлігімен локомотивке соғылды
- Коронавирустың өршуі: Алматыда санитарлық шаралар күшейтілді
- Британияда жүк көлігінде тұншығып өлген 39 мигранттың қазасына кінәлі 4 адам сотталды
- Петропавлда 3 жасар қызын өлімші етіп сабаған 22 жастағы келіншек қамауға алынды
-
Алматыда ми инсультін диагностикалайтын жасанды интеллект жүйесі таныстырылды
-
Оралда тергеу изоляторының қызметкері екі адамды өрттен құтқарды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам