Алматыда «Қазпоштада» кезек санын азайтумен робот айналысуда

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -Алматыда пошта бөлімшелеріндегі кезек санын азайту мақсатында робот-кеңесшілер іске кірісе бастады. Алматыдағы алғашқы «поштобай» робот K-Tech 2018 саммитінде таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қазпоштаның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Бақыт» есімді робот-кеңесші Алматының пошта бөлімшелерінің біріне қойылды.

«Біздің компания заман көшіне ілесуге тырысады. Біз жаңа «Цифрлы кеңсе» бағдарламасын енгіздік. Енді робот-кеңесші пошта бөлімшесінің жұмысын оңтайландырып, қызмет көрсетуге кететін уақытты қысқартады. Бақыт - электронды менеджер. Оның қызметіне клиенттерге компания ұсынатын қызмет түрлерін таныстыру, пошта бөлімшелерінің мекенжайларын тауып беру сынды қызметтер де кіреді. Сондай-ақ, ол клиенттің түрін есіне сақтап алып, келесі жолы танып, сәлемдесе алады», - деді «Қазпошта» АҚ-ның Трансформация және ақпараттық технологиялар бойынша басқарушы директоры Нариман Мұқышев.

Нұрлан Мұқышев сыпайы робот клиенттердің көңілінен шыққанын айтты.

«Келушілер робот қызметіне дән риза. Бөлімшеде кезекке тұрушылар саны тіпті жоқ десе де болады. Жеке қызмет қылу жүйесі арқылы келушілер керекті ақпаратты өздері біліп, сәлемдемелерін ала алады. Роботтың қызметін бәрінен де жастардың қуана қабылдағаны қуантады», - деді ол.
null 

2018 жылдың соңына дейін компания Алматыдағы тағы екі бөлімшеге робот-кеңесші жібермек. Сонымен қатар, роботтар Қарағанды мен Шымкент қалаларында да қызмет ететін болады.

Еске сала кетейік, 2017 жылдың желтоқсан айында Астана қаласында Сәуле мен Қуаныш есімді роботтар таныстырылған болатын.

Соңғы жаңалықтар