Алматыда қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионының мерейтойы аталып өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Әлжан Жармұхамедовтің 75 жасқа толған мерейтойы аталып өтті, деп хабрлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанатты кешке, баскетболдан Мюнхен Олимпиадасының жеңімпазы Әлжан Жармұхамедов бүгінгі күні тұрып жатқан Мәскеу қаласынан арнайы ұшып келді. Шараға ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті спорт дирекциясының басшысы Елсияр Қанағатов, Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов және бірқатар танымал спортшылар қатысты.

Әлжан Жармұхамедовке Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев пен Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың құттықтау хаттары оқылып, даңқты ардагер спортшыға қазақтың дәстүрімен шапан жабылды. Ал белгілі меценат Дулат Тастекеев чемпионға «Assyltas» қоғамдық қорының төсбелгісін және арнайы сыйақыны табыстады.

Кеш ұйымдастырушысы – «Assyltas» қоғамдық қоры.

Айта кетейік, Әлжан Жармұхамедов 1972 жылы баскетболдан КСРО құрамасы сапында Олимпиада жеңімпазы атанған.

Әлжан Жармұхамедов 1944 жылы 2 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Бостандық ауданында, Табақсай ауылында дүниеге келген.

Соңғы жаңалықтар