Алматыда «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ жанынан құрылған Қоғамдық кеңестің бірінші отырысы өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ жанынан құрылған Қоғамдық кеңестің бірінші отырысы өтті. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Отырыс барысында банктің топ-менеджерлері Қоғамдық кеңес мүшелеріне тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі, Бағдарлама операторы ретінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің желісі бойынша «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасын іске асыру барысы туралы жан-жақты ақпарат берді. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Басқармасының және Қоғамдық кеңес мүшелерінің көзқарастары әрқашан сәйкес келе бермеуі мүмкін. Біз мұны бүгін Банк қызметін талқылау барысында түсіндік. Бізге өткір сұрақтар қойылды, оларға біз, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басшылары, нақты әрі объективті жауап беруге тырыстық. Біз Банктің Кеңестің барлық ұсынымдарын есепке алатынына және өз жұмысымыздың ашықтығын арттыруға, қазақстандықтардың тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне деген сенімін арттыруға барынша жәрдем көрсетуге Қоғамдық кеңес мүшелерін сендірдік және соны салымшыларға да жеткізгіміз келеді», - деді «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма Төрағасы Айбатыр Жұмағұлов. Кеңестің келесі отырысында банк басшылығы «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бойынша проблемалы құрылыс объектілері туралы түсініктеме беретін болады. Банк Басқармасына «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бойынша құрылыс объектілері жайлы толық ақпарат жинау тапсырылды. Бұл орайда, Басқарма Төрағасы Айбатыр Жұмағұлов жиналысқа қатысушыларды тек ресми ақпараттар ғана емес, сондай-ақ белгілі бір құрылыс объектісінің қандай жағдайда екендігін көзбен көру үшін фотосуреттер қоса берілетініне сендірді.

Айнұр Байсақалова, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ жанынан құрылған Қоғамдық кеңес мүшесі, КИМЭП Университетінің ағылшын тілі оқытушысы, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшысы: «Өз басым Қоғамдық кеңеске осындай белсенді, тек қиындықтарды талқылау ғана емес, сондай-ақ оларды шешу үшін жұмыс істеуге дайын адамдар жиналады деп күтпеген едім. Біздің қызметіміз қандай нәтиже беретінін біршама уақыттан кейін көреміз. Басталуына қарап, мен нәтижелері де оң болады деп сенемін.». Аталған қоғамдық кеңес кем дегенде тоқсанына бір рет жиналыс өткізіп тұратын болады. Кеңес мүшелері «Қолжетімді тұрғын үй-2020» Бағдарламасы аясындағы Банк қызметіне мониторинг жүргізетін болады.

Соңғы жаңалықтар