Алматыда Қазақстанның халық суретшісі Ә.Қастеевтің мұражай-үйі ашылды

None
None
АЛМАТЫ. 18 қаңтар. ҚазАқпарат - Алматыда Қазақстанның халық суретшісінің 110 жылдығына орайластырылған Әбілхан Қастеевтің мұражай-үйі ашылды.

Мұражай 1957-1973 жылдар аралығында суретші тұрған үйге орналасқан. Көрме жәдігерліктері келушілерді Ә.Қастеев жасаған ең танымал кескіндемелік және графикалық туындылармен таныстырады, сондай-ақ мұнда бай тарихи-ғұмырнамалық материалдар - фотосуреттер, құжаттар, кинохроника және суретшінің жеке заттары жинақталған. Шынайы жәдігерліктердің көмегімен шебердің көп жылдар бойы жұмыс жасаған студия-шеберханасы қайта жасақталған, ол келушілердің ерекше ынтасын туғызуда. Қазақстанның халық суретшісі Ә.Қастеевтің мұражай-үйі суретшінің Қазақстандағы толық шығармалар жинағын сақтап отырған ҚР Мемлекеттік өнер мұражайының филиалы болып табылады. Ә.Қастевтің мұражай-үйі оңтүстік астананың маңызды мәдени нысанына айналды, мұнда келген қонақтар ХХ ғасырдағы тарихымыздың және мәдениетіміздің шынайы құндылықтарымен егжей-тегжейлі таныса алады.

Соңғы жаңалықтар