Алматыда «Қазақстан ұлттық экономикасын модернизациялау жағдайындағы лизинг нарығы» атты кітаптың тұсауы кесілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Ұлттық кітапханада экономика ғылымдарының докторы Әділбек Смағұловтың «Қазақстан ұлттық экономикасын модернизациялау жағдайындағы лизинг нарығы» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Жарияланған ғылыми еңбекте автор Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен инновациялық әлеуетінің деңгейіне, елдің 2010-2014 жылдарға және 2015-2019 жылдарға жеделдетілген индустриалды-инновациялық дамуы Мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы мен ерекшеліктеріне сипаттама берген.

Олардың аясында бизнесті қолдау кешенді бағдарламасы - экспортты дамыту, инвестицияларды тарту, еңбек өнімділігін арттыру, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне де кешенді талдау жасалды. Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуда арнайы экономикалық аймақтардың (АЭА) және кластерлердің рөлі сипатталды. Отандық экономиканың лизингпен өзара байланысу және өзара ықпал ету міндеттері мен жаңғырту бағдарламасы көрсетілді. Кітап студенттерге, магистранттарға, PhD докторанттарына, ЖОО оқытушыларына, сондай-ақ шағын және орта бизнес саласындағы лизингтік инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын кәсіпкерлерге, лизингтік компания, агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорны, көлік, құрылыс басшылары мен мамандарына арналған.

Соңғы жаңалықтар