Алматыда «Қазақстан тарихындағы Корея» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы Достық үйінде "Қазақстан тарихындағы Корея" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Қазақстандағы кәрістер қауымдастығы мен Кореяның бейбіт және демократиялық бірігуі жөніндегі кеңес ұйымдастырған шараға студенттер, дипломатиялық корпустың өкілдері, Алматыдағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Отырыс барысында саясаткерлер дүниедегі екіге айырылған жалғыз ел - Кореяның геосаяси ахуалы туралы әңгіме өрбітті.

"Осыдан 150 жыл бұрын біздің ата-бабаларымыз Қиыр Шығысқа қоныстанды. 1937 жылы Сталин режімі кезінде кәрістер Тынық мұхитынан Қазақстанның жазық даласына көшіріле бастады. Біз содан бері қазақ халқымен бірге бірлік пен достықтың даңғыл жолын жүріп өттік. Қазақстан тәуелсіздігін алған кезде КХДР мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Бұл Қазақстан кәрістерінің тарихи отанымен байланысын нығайтуға септігін тигізді", - деді Кореяның бейбіт және демократиялық бірігуі жөніндегі кеңестің 16 шақырылымының мүшесі, тарих ғылымдарының докторы Герман Ким.

Соңғы жаңалықтар