Алматыда Қазақстан мен Ресейдің біріккен медициналық зертханасы ашылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бүгін «Гем» медициналық зертханасы мен Ресейлік «Инвитро» зертханалық операторының біріккен жаңа жобасы - жоғары технологиялы клиникалық-диагностикалық зертхана ашылды.

Жаңа зертханада биохимия, гормондар, микробиология, цитология, онкомаркерлер, инфекциялар және басқа да 1000-нан аса түрлі бағыттар бойынша диагностика жасау қызметтері көрсетіледі. «Нақты, әрі қатесіз диагностика емдеуші дәрігерге дұрыс диагноз қойып емдеудің сәйкес курсын белгілеуге жол ашатын негізгі фактор болып табылады. Осындай бірегей зертхананың жұмысы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен дүниеге келген «Саламатты Қазақстан» бағдарламасында айтылған міндеттерді орындауда септігін тигізіп, Қазақстан азаматтарының денсаулығы мен әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді», - деді Райхан Мамырова. Ресейлік «Инвитро» компаниясының бас директоры Сергей Амбросовтың айтуынша, бұл қадам Ресей тарабы үшін дамудың жаңа кезеңі екендігін атап өтті. «Мұндай бірігу мүмкіндіктердің, технологиялардың бірігуі болып табылады. Біз Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсартуда ықпалымызды тигіземіз деп ойлаймыз», - деді Сергей Амбросов.

Соңғы жаңалықтар