Алматыда Қазақстан киносының марафоны басталады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 4 ақпанда Қазақстан киносының марафоны басталады. Бұл туралы Қазақстан киносыншылар қауымдастығынан хабарлады.

Көрермендердің назарына 2014 жылы түсірілген 20 қазақстандық картиналар ұсынылмақ.

Олардың 17-сі - киностудияларда, 3-уі - «Қазақфильм» АҚ-да түсірілді. Кейбір кинокартиналар әлі көрсетілмеген.

Марафон аяқталған соң ең үздік деп танылған фильмге «Сыншылардың таңдауы» жүлдесі беріледі.

Аталған жүлде «Арман» кино орталығы мен Қазақстан киносыншылар қауымдастығының жұртшылықтың отандық фильмдерге деген қызығушылықтарын арттыру үшін қолға алған ортақ жобасы.

Ақпанның 4-7 аралығында «Арман» кинотеатрында «Хозяева», «Охота за призраком», «Быть или не быть», «Разрывая замкнутый круг», «Семь нот моего детства», «Курке», «Заговор Оберона», «Приключение», «Фейк: береги себя», «Кемпір», «Раз в неделю», «Ограбление по-казахски», «М-агент», «История одной старушки», «Загнанная», «Фуга: дорога в никуда» и «Келинка Сабина» киноленталары көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар