Алматыда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған жылжымалы көрме ашылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қала тарихы музейінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған жылжымалы көрме ашылды. Қазақ хандығының тарихынан сыр шертетін құнды жәдігерлерді «Тамғалы» музей-қорығы алып келді.

«Тамғалы» музей-қорығының ғылыми қызметкері Бекжан Тұрсыновтың айтуынша, мәдени шара ақпанның 5-іне дейін жалғасады.

«Алматы қаласының көрермендерінің назарына тек қана Қазақ хандығы кезіндегі тарихи жәдігерлерден басқа, көне дәуірден сыр шертетін экспонаттарды ұсынып отырмыз.

«Тамғалы» қорық-музейінің 10 түпнұсқа петроглифі мен 15 петроглиф эскизі сызылған планшетін алып келдік. Сондай-ақ қазба жұмыстары кезінде табылған қола дәуіріне тән қыш ыдыстар қойылды. Бұл көрмеде ежелгі дәуірден бастап Қазақ хандығы қалыптасқанға дейінгі тарихи мұралар хронологиялық ретпен ұсынылған. Соның ішінде келушілер Қарасай, Наурызбай, Әйтей батырлардың қылышын, бес қаруын, жеке заттарын, киімдерін, Сүйінбай, Жамбыл бабалардың домбыралары мен өсиет сөздері сақталған жазбаларды тамашалай алады», - деді Бекжан Тұрсынов.

Оның айтуынша, «Тамғалы» музей-қорығы Қазақ хандығының 550 жылдығына орай көрмеден бөлек, өзге де мәдени-ағартушылық шаралар, дөңгелек үстелдер, конференциялар ұйымдастыруды көздеп отыр.

Соңғы жаңалықтар