Алматыда «Қазақ хандығына 550 жыл: тарихы, идеясы, сабақтастығы» атты конференция өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Қазақ хандығының 550 жылдығы: тарихы, идеясы, сабақтастығы» атты конференция өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасары Зәуреш Аманжолова, белгілі тарихшы ғалымдар Хангелді Әбжан, Мәмбет Қойгелді, өзге де ғалымдар қатысты.

«Тәуелсіз тарихымызды зерделеу - бұл күнге қалай кімнің арқасында жеткенімізді білу сияқты теңдессіз деректерді игеру үшін өте маңызды мәселе. Сонау 1465 жылы қазақтың ең алғашқы хандары Керей мен Жәнібек қазақ деген тәуелсіз елдің туын тіккеніне биыл 550 жыл толып отыр. Елбасы әрдайым ұрпақтар сабақтастығына, ұлттық құндылықтарға, сан қатпарлы тарихқа орасан зор мән беріп келеді. Соның дәлелі ретінде былтыр Қазақ хандығының 550 жылдықты мемлекеттік деңгейде атап өту туралы жарлығы шықты. Қазіргі тәуелсіз Қазақстан халқы жоқтан пайда болған жоқ. Мемлекеттілігіміздің шежіресі тереңде жатыр. Ұлы ғұламалардың жазбалары айшықтап отыр», - деді әкімнің орынбасары З.Аманжолова.

Конференция барысында қазақ хандығындағы мемлекеттілік идея мен практика, этникалық және рухани мәселелер туралы тақырыптар талқыланды. Қазақ хандығының алыс және жақын мемлекеттермен орнатқан сауда-саттық ісі, саяси қарым-қатынастары жайлы ақпараттар орта ғасырлық қолжазбаларда қалай көрініс тапқаны жайлы кеңірек баяндалды.

Тарихшы Мәмбет Қойгелдінің айтуынша, қазақ халқының мемлекеттілік идеологиясының тарихы тереңде жатыр.

«Мемлекеттлік идеясын бірнеше кезеңге бөліп қарағым келді. Жошы ұлысына қарайтын Керей мен Жәнібек негізін қалаған хандық династиялық билік болған. 15-16 ғасырларда Алтын Ордада империядан жеке жеке ел болып, бөлініп шығып. Қасиетті түркістан шаһарды астана етіп алып өмір сүрген. Сол кезде Жоңғардың тепкісіне ұшырап, 3 ғасыр бетпе бет келді. Бұл тарихты ең ауыр кезең. Міне осы ұзаққа созылған шайқастар қазақққа ұлттық сенім, мемлекттік ұстаным, ұлттық және мемлекеттік бірегейлік идентичность қалыптастырды. Халықтың барлық әлеуметтік күштері күш бріктіріп, өздерін жойылып кету қаупінен сақтап қалды. Жоңғарлар ауызбірліктің жоқтығынан жеңіліп қалды», - деді М.Қойгелді.

Өз сөзінде ғалым қазақ хандығының мемлекеттік идеологиясы әр кезеңде қалай қалыптасқанын жіліктеп айтып берді.

Сонымен қатар, Үндістанның Индира Ганди атындағы Ұлттық өнер орталығының профессоры, Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» еңбегін ағылшын тіліне аударған әлемдік танымал үнді ғалымы Мансура Хайдар да баяндама оқыды.

Соңғы жаңалықтар