Алматыда қазақ эстрадасының әншілері қолдарына күрек алып, ағаш отырғызды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы саябағында қазақ эстрадасының әншілерінің «Жұлдыздар аллеясы» пайда болды. Акция қалалық Жастар саясаты басқармасының «Сүйікті қала» шарасы шеңберінде өтті.

Бүгін Алматыдағы Президент саябағында Қазақстан эстрадасы әншілері Бүркіт, Иван Бреусов, Парвиз Назаров, «Дауыс Интернешнл», «All давай» топтарының әншілері жер қазып, көшет отырғызды.

Алматының көркеюіне бейжай қарамайтын олар өздері отырғызған ағашты күтіп-баптап, бағуға уәде етті.

Ал Бүркіт болса, Алматының символы - алма бағын сағынып жүргенін айтты.

«Біздің бала кезімізде Алматының алма бағы жайқалып тұратын. Қазір олардың орнын ғимараттар мен жолдар басып қалған. Бірақ, біз осындай шаралар арқылы қаламыздың тазалығына сәл де болса үлес қосқымыз келеді. Мен мына отырғызған ағашымның күтімін өз мойныма аламын. Аптасына бір рет келіп тұрамын», - деді ол.

«Қала басшысы Ахметжан Смағұлұлы кеше ғана Алматы достастықтың мәдени астанасы сертификатын алды. Бұл алматылықтарға артылған үлкен жауапкершілік болып отыр. Эстрада жұлдызы, бизнесмен, қарапайым тұрғын болсаң да, қаламыздың тазалығына бәріміз жауаптымыз. Біз шақырған әншілердің бәрі сәуірдің 12-сінде болатын сенбілікке қатысатындығын бір ауыздан айтты. Бұл - біздің жастарымызға үлгі болатын жайт», - деді қалалық Жастар саясаты жөніндегі басқарма басшысы Санжар Боқаев.

Соңғы жаңалықтар