Алматыда қаза болған автобус жүргізушісінің отбасына 250 мың теңге өтемақы берілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда қаза болған автобус жүргізушісінің отбасына 250 мың теңге көлемінде өтемақы берілді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне «Транс АВ» ЖШС директоры Александр Выприцкий хабарлады.

«Жол апатынан қаза болған жүргізушінің отбасына 250 мың теңге көлемінде өтемақы берілді. Жерлеу рәсімі ертең Таразда өтеді. Оның отбасы мүрдені сараптамаға бергісі келмеді. Бірақ мен көндірдім», - деді Александр Выприцкий. Оның айтуынша, жол апатынан зардап шегіп, ауруханаға қаралғандардың барлығы сақтандырушы компаниядан өтемақы алатын болады. Өйткені, көлік төтенше жағдайлардан сақтандырылған. Естеріңізге сала кетейік, бүгін Алматыда Жұмабаев пен Палладин көшелерінің қиылысында ірі көлік апаты болып, 1 адамның қаза тапқаны туралы хабарлаған болатынбыз. Соңғы ақпараттар бойынша, оқиғадан 9 адам жарақаттанғаны белгілі алды. Жол-көлік апаты таңғы сағат 07:05-те орын алған. «Жүргізушілердің бірі жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, көліктер соқтығысты. Қоғамдық көлік қарсы бетке шығып кетіп, Жұмабаев көшесімен батыс бағытта келе жатқан Мерседес жеңіл автокөлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан автобус жүргізушісі мерт болды және автобустың 9 жолаушысы әр түрлі дене жарақаттарымен ауруханаларға жатқызылды», - деді Алматы қ. ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. Ал Алматы қалалық құтқару қызметінің хабарлауынша, ауруханаларға 9 емес, 14 адам жеткізілген. Бензин тасымалдаушы көлікті 48 жастағы, ал автобусты 49 жастағы жүргізуші басқарған. Жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар