Алматыда қай жерлерде веложолдар пайда болады
«ММПМ» ЖШС таратқан ақпаратқа сәйкес мына көшелерде веложолдар пайда болады:
- Мұратбаев көшесің Мақатаев көшесінен Шевченко көшесіне дейінгі аралығында;
- Қарасай батыр көшесінің Масанчи және Байұрсынов көшесіне дейінгі аралығында;
- Бұхар Жырау көшесінің Байтұрсынов және Жароков көшесі аралығында;
- Манас көшесінің Шевченко мен Тимирязев көшесіне дейінгі аралығында;
- Бөгенбай батыр көшесінің Қонаев пен Масанчи көшесіне дейінгі аралығында;
- Масанчи көшесінің Бөгенбай батыр мен Абай даңғылының аралығында;
- Жароков көшесінің Бұхар Жырау көшесінен Тимирязев көшесіне дейінгі аралығында жаңа веложолдар салынады.
Сондай-ақ атап өтілгендей, маусым айында жол белгілері мына көшелерде сызылады:
- Халиуллин, Тәтібеков көшелерінде;
- Жангельдин көшесінің Райымбек даңғылынан Тəтібеков көшесіне дейінгі аралығында;
- Сүйінбай көшесінің Райымбек даңғылы мен Хмельницкий көшесіне дейінгі аралығында;
- Солтүстік айналма жолының Рысқұлов даңғылынан Москвин көшесіне дейінгі аралығы;
-Уəлиханов көшесінде;
- Құлжа тас жолының Рысқұлов даңғылынан Халиуллин көшесіне дейінгі аралығында;
- Талғар тас жолының «Магнум» сауда үйінен Халиуллин көшесіне дейінгі аралығында;
- Момыш ұлы көшесінің Төле би көшесінен Мөңке би көшесіне дейінгі аралығында.
Москвин көшесі мен «Ялян» сауда орталығына дейінгі аралықта автобустарға арналған жолақ сызылды.