Алматыда қай көшелерге бір бағыттағы қозғалыс енгізіледі

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Алматының орталық көшелерінде жол қозғалысының жаңа сызбасы жасалды. Бұл туралы қала әкімдігі баспасөз қызметінен мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл мен Бөгенбай батыр көшесі бір бағытты  етіп өзгертілді. 5 тамызға дейін бұл тізімге Мақатаев, Гоголь, Шәріпова, Қабанбай батыр, Қарасай батыр көшелері қосылады.

Бұл өзгеріс қаланы кептелістен құтқарып, жол-көлік оқиғаларын азайтады. Сондай-ақ жаяу жаяу жүргіншілер  қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

 «Алматы тәжірибесінде бір бағыттағы қозғалысты енгізу бұрыннан қолданылып келеді. Біраз жылдан бері Наурызбай батыр мен Желтоқсан көшесінде  көліктер бір бағытта жүреді. Құрманғазы көшесінде  бағыт өзгертілгеннен кейін көлік апаты  азайды. «Жаңа» Шевченко көшесінде  жол көлік оқиғасы  4 есеге азайды. Сонымен қатар бұл жерлерде қозғалыс жылдамдығы 6-8 шақырымға жоғарылағандығы байқалады»,-деді қала әкімдігі баспасөз қызметінен. 

Бұл жаңалық  қоғамдық көлік жолаушыларының пайдасына де шешілмек. Белгіленген жолақтарға байланысты автобустар қозғалысы жеңілдеп, алматылықтар қалаған жеріне жылдам жете алатын болады.

Сондай-ақ автокөлік иелерін жаңашылдықтар күтіп тұр. Енді бір бағыттағы көшелерде жылдамдық сағатына  40 шақырымды құрайтын болады.

«Бір бағытты жолдарды енгізу эксперименті  өз жемісін бере бастады. Қозғалыс жақсарды. Дат сәулетшісі Ян Гейл қаламызға келгенде орталықтың автокөліктер транзитіне айналмауын сұраған едік.  Экологиялық мониторингке сәйкес дәл осы аумақта көліктің көптігінен шаң мен кір жиналған. Бір бағытты жолдың арқасында бұл мәселелер шешіліп келеді. Мұны құптамайтындар шығыс айналма автожолына шығуына болады»,-деді Алматы қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасы бастығының орынбасары Алмасхан Ахметжанов.

Қала әкімдігінің айтуынша, мұндай өзгерістер халықаралық тәжірибеге сүйеніп жасалуда.

Соңғы жаңалықтар