Алматыда қай базарлар жұмыс істеп тұр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімдігі қай базарлардың жұмыс істеп тұрғаны жайлы ақпарат таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімдіктің айтуынша, әмбебап базарлардағы тағамдық базарлар мен азық-түліктік қатарлар жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Қалада 52 базар бар. Оның ішінде, 6 азық-түлік базары штаттық режимде жұмыс істейді. Олар «Жұлдыз», «Барыс-4», «Береке», «Қарасу», «Саудакент», «Ақ-Бұлақ» базарлары.

Сондай-ақ, қаланың 17 әмбебап базарындағы азық-түлік қатарлары ашық тұр.

Олар «Тастақ», «Кәрім», «Ақсай-3», «Арыстан», «Сарыарқа», «Орбита», «Айнабұлақ», «Сәлем», «Верненский», «Көк базар», «Таусамалы», «Барлық», «Мехриниса», «Түрксіб», «Керуен», «Алматы-1», «Жетісу-Семиречье» жұмыс жасайды.

Ал Алматының 29 азық-түліктік емес «Арлан», «Кенжехан», «Қазына», «Өжет», «Үш-Қоңыр», «Ақбұлақ», «Алатау», «Еуразия», «Саяхат», «Азия», «Сауран», «Жібек-Жолы», «Тұлпар», «Тигрохауд», «Алатау-1», «Дәстүр», «Олжа», «Юпитер», «Байсат», «Рахат КЗ», «Ялан-2», «Батыр», «Рахат», «Барыс», «Нұрсат», «Ақ-бұлақ», «Бахар», «Үміт», «Алтай» базарлары карантинге жабылуда.

Алматының Сауда ойын-сауық орталықтарына (СОО), сауда орталықтарына (СО) және сауда үйлеріне (СҮ) келетін болсақ, олардың аумақтарында орналасқан дәріхана бөлімшелерінен, екінші деңгейлі банктер мен азық-түлік дүкендерінен басқа барлық 24 СОО, 38 СО және 58 СҮ карантинге жабылды.

Сондай-ақ, қалада 3 378 азық-түлік дүкені ашық тұр.

Ал, 2 263 азық-түліктік емес дүкен жабылды.


Соңғы жаңалықтар