Алматыда қатты жер сілкінді: Жалған ақпарат таратқандар жазаланады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы «алапат жер сілкінісі» туралы жалған ақпарат таратқандарға қарсы шара қолданылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жер сілкінісі туралы алып-қашпа әңгіме сайттардың бірінде жарық көріп, әлеуметтік желі арқылы таралған.

Бұл ақпаратқа қатысты ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов түсініктеме берді.

«Бұл ақпараттар шындыққа жанаспайды. Бізге халықтан, сейсмологиялық стансалардан мұндай хабарлама түскен жоқ. Төтенше жағдайлар комитеті мұндай ақпаратты тексермейді. Алайда жалған мәлімет тарату оқиғасын тексеруді министрліктің құзырлы бөлімшесі айналысады», - деді Руслан Иманқұлов.

Таратылған ақпаратта Алматының іргесіндегі Алтын орда базары жанында қатты зілзаладан бірнеше адам «жараланып, мерт болғаны» айтылған.

Соңғы жаңалықтар