Алматыда қатты аяз болады

None
None
АЛМАТЫ: ҚазАқпарат - Алматыда қатты аяз болуы мүмкін. Қалалық ТЖД ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Қазгидромет» РМК филиалы 24-29 қаңтарда Алматыда түнде ауа температурасы 15-20 градустан 20-25 градусқа дейін төмендейтінін болжап отыр.

Төтенше жағдай департаменті қатты аязда аса қажет болмаған жағдайда үйден шықпауға кеңес берді.

Соңғы жаңалықтар