Алматыда «Қасымның әндері-ай» атты жинақтың тұсауы кесілді
Шараға белгілі өнер және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Аты аңызға айналған хас таланттың мерейтойына арнап шығарылған электронды таспаға бұрын және жаңа жазылған жиырма төрт ән енгізілген.
Шара аясында жинақтың демеушісі Рымбала Омарбекова ҚР Ұлттық кітапханасы өз ризашылығын білдіріп, кітапхана қорына «Қасым тағлымы», «Бір нәзік сәуле» және Қасым Аманжолов библиографиялық көрсеткішін сыйға тартты.
Биыл Қасым Аманжоловтың мерейтойына орай еліміз бойынша түрлі іс-шаралар өтті.
«Қасым Аманжолов – қазақ поэзиясында төңкеріс жасаған тұлға. Адам жанына үңілу, оның ішкі иірім, қайырымдарына арналған нәзік лирикалары қазақ поэзиясында жаңа бағытты туғызуға әсер еткен алып тұлға», – деді ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман.