Алматыда кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы қызметінен кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда кәсіпкерлік және индустриялы-инновациялық даму басқармасының басшысы Әлфия Балова қызметінен кетті. Оның орнына жаңа қызметке Алматы әкімінің өкімімен Алмас Өскенбайұлы Мәдиев тағайындалды.

Алмас Мәдиев еңбек жолын Жамбыл технологиялық институында оқытушылықтан бастаған.

1999-2003 жылдары Жамбыл облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас маманы, Жамбыл облыстық әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген.

2009-2014 жылдары «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қаржылық директоры, «Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ басқарушы директоры, «Павлодар» ӘКК басқарма төрағасының орынбасары болған.

Айта кету керек, бұрынғы басшы Әлфия Балова «Алматы» ӘКК басқарма төрағасының орынбасары қызметіне ауысты.

Соңғы жаңалықтар