Алматыда кәсіпкерлік негіздеріне оқытатын 109 оқу орталығы жұмыс істеп тұр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының кәсіпорындар мен колледждер базасында 100-ден астам оқу орталығы жұмыс істейді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде Алматы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кәсіпкерлер палатасы директорының айтуынша, орталықтарда жұмыссыздарды сұранысқа ие мамандықтарға оқытады. Кәсіпкерлер палатасы 109 оқу орталығын ашуға ықпал еткен, оның 23-і Алматы колледждерінің базасында, біреуі университет базасында, 73-і кәсіпорын базасында ұйымдастырылған.

«Биыл 1 031 жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам оқуға кірісті, 406 адам оқуын жалғастыруда, 625 адам оқуын аяқтады, 43 адам оқуын мерзімінен бұрын аяқтады, 188 адам жұмысқа орналастырылды», - деді спикер.

Алматыда Жол картасын жүзеге асыру аясында дуальды білім беру жүйесі қолданылады. Қазірдің өзінде 43 колледж және 289 кәсіпорын қамтылған. Бұл үшін алғышарттар еңбек нарығының ағымдағы жағдайын талдайды әрі кәсіпорындардың білікті кадрларға қажеттілігін қамтамасыз етеді.

Қазіргі кезде кәсіпкерлер палатасы колледждер мен кәсіпорындардан жаңа 2021-2022 оқу жылына дуальды білім беру жүйесіне қатысу үшін өтінімдер қабылдауда. Әзірге 31 колледж және 140-тан астам кәсіпорын өтініш білдірді.

Айтуар Қошмамбетовтың айтуынша, оқу орындарымен мұндай әлеуметтік әріптестік одан әрі кеңейетін болады. Бұл жергілікті деңгейде кадрларды неғұрлым сапалы даярлау үшін қолайлы. Шын мәнінде, колледж кәсіпорындарға өндіріс процесіне бірден қосыла алатын өздеріндегі адамдарды жіберетін болады.


Соңғы жаңалықтар