Алматыда кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігінде кадрлық өзгерістер болды. Алматы қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары болып Ғанибет Әубакіров тағайындалды. Бұл туралы аталған басқарманың баспасөз қызметінен хабарлады.

Ғ.Әубәкіров 1982 жылы туған, 2003 жылы Қарағанды қаржы институтын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген. 2011 жылы «Болашақ» Қарағанды интеллектуалдық институтында заң мамандығы бойынша білім алған. 
Тағайындалғанға дейін ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінде қызмет атқарған.
Еңбек жолын 2003 жылы «Центрпродсервис» ЖШС директорының орынбасары қызметінен бастаған.  

Соңғы жаңалықтар