Алматыда кәсіпкерлерге арналған сайттың таныстырылымы өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жаңа бизнес портал ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың Алматы бизнес қауымдастығымен кездесуі барысында таныстырылды.

Жиын барысында салалық министрліктер мен бизнес өкілдері кәсіпкерлікті дамыту бойынша Үкіметтің кешенді шараларын талқылады.

«Даму» қорының басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова жаңа www.doingbusiness.gov.kz интернет-ресурсын жан-жақты таныстырды. Аталған ақпараттық порталда Қазақстандағы бизнес-климат туралы, салық, рұқсат беру жүйесінің ерекшеліктері мен сертификаттар жайлы ақпарат орналастырылады.

«Әзірге портал жетілдірілу үстінде. Бірақ қазірдің өзінде одан пайдалы ақпарат табуға болады», - деді Л.Ибрагимова.

Тек отандық қана емес, шетелдік кәсіпкерлерге де пайдалы болатын жаңа интернет ресурсы әзірге тестілік режімде жұмыс жасап тұр. Ақпарат қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қолжетімді.

Соңғы жаңалықтар