Алматыда кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесі құрылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесі құрылды. Аталмыш орган Алматы қалалық Кәсіпкерлер палатасы шеңберінде қызмет ететін болады.

«Бұл кеңестің құрылуы кәсіпкерлердің жұмысын жақсартуға үлкен ықпалын тигізеді деп ойлаймын. Біздің мақсатымыз - 15 жылдың ішінде Қазақстан бизнесінде кәсіпкерлерге тиімді бизнес-климат қалыптастыру болып табылады. Әрине, біз саяси-географиялық жағдайдың өзгеруіне бейімделуіміз керек. Қазір Кедендік одақ шеңберінде жұмыс істесек, болашақта Дүниежүзілік Сауда Ұйымында жұмыс істеу қажеттілігі туады. Сонда кәсіпкерлер құқығының қорғалуы басты мәселеге айналады», - деді Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Ерлан Стамбеков.

Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл кеңес «Іскерлік климат» деп аталатын тәуелсіз рейтинг жасап, жергілікті және орталықтандырылған мемлекеттік органдардың қызметіне баға беруді жүзеге асыруда өз тиімділігін көрсетпек.

Аталған рейтинг жыл сайын өтетін ҚР кәсіпкерлік белсенділігінің жағдайы туралы Ұлттық мәлімдеменің дайындалуына жәрдемдеседі. Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы құжатты Елбасы қарауына жібереді.

Кеңес құрамына құқық қорғау органдарының қызметкерлері, қоғам қайраткерлері, әр саладағы бизнес-қауымдастықтардың мүшелері, сондай-ақ мемлекеттік құрылым қызметкерлері кірген.

Соңғы жаңалықтар