Алматыда кәсіпкердің баласын ұрлап, ақша бопсалағандар ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы қаласында Полиция департаментінің криминалды полиция қызметкерлері төрт адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады. Оларға кәсіпкердің қызын ұрлады деген күдік келтірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ІІМ мəліметінше, қылмыс 14 қарашада қаланың шағын аудандарының бірінде жасалған. Қылмыскерлер көлік жүргізушісіне электрошокерді қолданып, байлап тастап, автокөлік салонындағы баланы ұрлап кетеді. Біраз уақыттан кейін ұрланған баланың туыстарынан жарты миллион АҚШ долларын талап етеді.

«Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер кезекті тәулік ішінде қылмыскерлерді ұстады. Қазіргі уақытты тергеу органдарының қызметкерлері ұсталған әр күдіктінің қылмысқа қатыстылық деңгейін анықтауда. Баланың денсаулығы мен өміріне ешқандай қауіп жоқ»,- деді министрліктен.

Соңғы жаңалықтар