Алматыда кәсіпкерден ақша бопсалаған алаяқ 4 жылға сотталды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Наурызбай аудандық сотында өздерін төтенше жағдай мамандары ретінде таныстырып, кәсіпкерлерден ақша бопсалаған алаяқтарға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қылмыстық іс Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотында қаралды. Сот «Нұр-СұлтанПром безопасность» ЖШС-нің үш қызметкерін ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігімен (алаяқтық) кінәлі деп танып, пробациялық бақылау орната отырып әрқайсысына 4 жылға шартты жаза тағайындады.

Сондай-ақ сотталғандар сот үкімі заңды күшіне енген күннен бастап 10 күн ішінде пробация қызметіне тіркелуге міндетті.

Олар тұрғылықты жерін, жұмысын, оқуын өзгертпеуі тиіс. Бұдан бөлек, ойын-сауық мекемелеріне баруларына тыйым салынады. Үш айыпталушы да өз кінәсін толық мойындап, жәбірленушілерге келтірілген шығынды ішінара өтеді. Бұған дейін Алматы қалалық прокуратурасы «Нұр-СұлтанПром безопасность» ЖШС қызметкерлері өздерін ТЖ органдарының мамандары ретінде таныстырып, бизнес субъектілеріне айыппұл саламыз деп қорқытқанын айтқан болатын.

Аталған фактілер бойынша Наурызбай ауданының прокуратурасы қылмыстық істі қозғауға бастамашылық етті, нәтижесінде алаяқтық жасады деген күдікпен 1991 және 1995 жылы туған үш азамат ұсталған еді.


Соңғы жаңалықтар