Алматыда Қаржы полициясы қызметкерлері балалар үйінің тәрбиеленушілерін Наурыз мейрамымен құттықтады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Наурыз мейрамы қарсаңында Алматы қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің ұжымы Алматы қаласындағы №1 "Қалалық арнайы жанұя балалар үйін" айтулы мерекемен құттықтады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық Қаржы полициясының баспасөз қызметінен хабарлады.

Департаменттің қызметкерлері балалар үйіндегі тәрбиеленушілерін Наурыз мейрамымен құттықтап, басшылық пен жеке құрамның атынан әртүрлі сыйлықтар таратты.

«Бүгінгі таңда қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі - жетім балалардың өміріне көңіл бөлу болып табылады. Бұндай шаралар бүлдіршіндерге айналадағы адамдардан қолдау мен мейірімділікті сезінуге мүмкіндік береді», - деді қалалық Қаржы полициясының баспасөз маманы Жақсылық Жақыбаев.

Құттықтау шарасы балалардың Алматы қаласы Қаржы полициясының офицерлерімен суретке түсуімен жалғасты.

Өз кезегінде балалар үйінің әкімшілігі тәрбиеленушілеріне көңіл бөліп келген қонақтарға өз алғыстарын білдірді.

Соңғы жаңалықтар