Алматыда қаржы пирамидасына қатысы бар тағы бір күдікті ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Полицейлер қаржы пирамидасы ісіне қатысы бар тағы бір адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ҚК 217-бабы 3-бөлімі 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша «ASTEX.KZ» ЖШС, «ACD technology» ЖШС, «MUDARABAH CAPITAL» ЖШС және «MUSHARAKAH CAPITAL» ЖШС қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істі тергеу шеңберінде Алматы қаласының полициясы «ACD Tehnology» негізін қалаушы, 50 жастағы М. есімді азаматты ұстады.

«Басты тұлға – К. есімді азамат ұсталды және қамауға алынды. Кейінірек тағы екі күдікті – Р. есімді азаматша мен М. есімді азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іспен Алматы қаласы полиция департаменті тергеу басқармасының тергеушілері айналысып жатыр», – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.

Жоғарыда аталған ЖШС қызметкерлерінің қылмыстық әрекетінен зардап шеккен азаматтар мына телефондар арқылы хабарласа алады: 8 777 025 65 86 және 8 701 624 28 24,


Соңғы жаңалықтар